Ақтөбе облысы әкімдігінің

«_30__» «__12_____»

2020 жылғы  №___490___ 

қаулысымен бекітілген

 

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Бөбек» бөбекжай - балабақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының

Жарғысы

  

1.Жалпы ережелер

 

1.«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлім» мемлекеттік мекемесінің «Бөбек» бөбекжай - балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2.Мемлекеттіқ коммуналдық  қазыналық  кәсіпорныҚазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 25 желтоқсандағы № 1335 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын  бағдарламалардың мекеме-әкімгерлерінің мәселелері»  қаулысын және Ақтөбе облысы әкімінің 1999 жылғы 18 қаңтардағы № 1 «Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар тізбесін бекіту туралы» шешімін орындау үшін Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің 1999 жылғы 26 қаңтардағы №259 шешіміне сәйкес  құрылды.

3.Кәсіпорынның құрылтайшысы Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

4.Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субьектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы) жүзеге асырады.

  1. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлім» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

6.Кәсіпорынның атауы: «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бөбек» бөбекжай - балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

7.Кәсіпорынның орналасқан жері: 030501, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Желтау ауылдық округі, Шәмші Қалдаяқов ауылы, Д.Беркімбаев көшесі, 2 ғимараты.

 

2.Мемлекеттік кәсіпорынның заңдық мәртебесі

8.Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

9.Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар мөрі болады.

10.Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы органның келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.

Мемлекеттік кәсіпорын – табиғи монополия субъектісі жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік органның келісімімен табиғи монополиялар саласында және реттелмелі нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.

11.Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

 

3.Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

  1. Кәсіпорынның негізгі мәні:

1) Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт –дәстүрлері негізінде балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына қатыстыру;

2)баланың жеке тұлғасының жан-жақты дамуы, оның мүдделерін қанағаттандыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қабілеттерін дамыту;

3)балаға қоғамдық-әлеуметтік, табиғи ортада жемісті іс-әрекет жасауға және өмір сүруге мүмкіндік беретін тұлғаның әлеуметтік-рухани және Қазақстан қоғамында қалыптасқан ұлттық салт- дәстүр, әдет –ғұрыптарының сапаларын қалыптастыру;

4)баланы Отанды, туған өлкені сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қоршаған ортада өзге ұлтты халықпен адамгершілікті қарым-қатынаста бола білуге тәрбиелеу;

5) қоршаған әлеуметтік ортада өзі туралы алғашқы түсінігін  қалыптастыру.

6)баланың интелектуалдық іс-әрекеті мен білімпаздық, шығармашылық таныту қабілеттерін дамыту;

7)баланың бейнелеу, көркем тіл дамыту, саз іс - әрекеттерінде шығармашылық қабілеттері мен әсемдік талғамын дамыту.

8) Балабақшадағы балалар үшін логопедиялық пунктті ұйымдастыру.

13.Кәсіпорын қызметінің мақсаты әрбір баланың шығармашылық, рухани дамуының мүмкіндіктері үшін қолайлы жағдай жасау, олардың табиғи дамуы мен жүйкесінің саулығын нығайту, баланың қабілеттілігін олардың мүлдесі мен ата-ананың сұраныстарына орай дамыту, балаларды мектепке оқуға дайындау болып табылады.

14.Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту түрлерін жүзеге асырады: 

1)ҚР Үкіметімен белгіленген  ретімен, негізгі білім беру іс-әрекеті аумағында оқыту түрлерін жүзеге асырады және  ақылы қызмет көрсетеді (би өнері, музыка, бейнелеу өнері үйірмелері, ағылшыл тілдері, медициналық қызметтер және спорттық секциялары).

2)Қосымша қаржы көздерін: заңды тұлғалардың ерікті көмектері, мақсатты жарналар, ата-аналардың демеуші көмектері, мекемелер, кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың,  материалдық құндылықтарын тарту.

15.Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.

16.Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның  не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Кәсіпорын басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

 

4.Оқыту, қабылдап алу, жинақтау жүйесін ұйымдастыру тәртібі

17.Кәсіпорынның тәрбиеленушілер контингенті Кәсіпорынның типіне және балалардың жастарына сай құрылады. Кәсіпорынға  бір жастан бес жасқа дейінгі  балалар қабылданады. Кәсіпорында мектепке дейінгі топтары бар.

18.Топтардағы балалар саны «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Ережесінің 14 қосымшасына сәйкес анықталады. Топтардың толтырылуы балалардың жас ерекшеліктеріне  (бір жастан бес жас) байланысты белгіленеді: бір жастан -10 бала, екі жастан -25бала,үш жастан -25бала,төрт жастан- 25 бала.

19.Өтініштерді есепке алу, мектепке дейінгі мекемеге қабылдау үшін жолдама рәсемдеу және беру тәртібін Мемлекеттік басқару органы белгілейді. Баланы Кәсіпорынға басқару органның жолдамасы, баланың даму тарихының көшірмесі, эпидемиологиялық ортасы туралы учаскелік дәрігердің анықтамасы негізінде жүргізіледі.

Кәсіпорын мен тәрбиешілер, олардың ата-аналары (заңды өкілдер) арасындағы қатынастарды реттеу және рәсімдеу келісім-шартта көрсетіледі.

Балаларды күтіп бағу үшін төлемді Уәкілетті орган бекітіп, ата-аналармен жасалған келісім-шартта көрсетіледі.

20.Баланың орны келесі жағдайларда сақталады:

1)бала сырқаттанып қалған уақытта;

2)санаториялық – курорттық, медициналық және т.б. мекемелерде емделу және сауықтыру кезінде;

3) ата-анасының біреуіне еңбек демалысы берілгенде;

4) жазғы мезгілде баланы екі ай мерзімге дейін, сауықтыру кезінде.

21.Басшының балаларды мектепке дейінгі ұйымнан шығаруы мемлекеттік басқару органы

ның келісімімен мынадай жағдайда жүргізіледі:

1)баланы күтіп бағу үшін өтелетін ай сайынғы төлемнің уақытылы жүргізілмеуі (1 айдан артық);

2)дәлелді себепсіз және әкімшілікті ескертпей баланың келмей қалуы;

3)мектепке дейінгі ұйымда болуына кедергі болатын баланың жағдайы туралы медициналық қорытынды бойынша және мемлекеттік басқару органның өкіметке қатысты болады.

22.Оқыту және тәрбиелеу қазақ, орыс тілдерінде  жүргізіледі.

23.Оқыту тәрбиелеу ісі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде жасалған оқу жоспарлары және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады және Жарғымен анықталады. Кәсіпорын тиімді оқыту – тәрбиелеу істерін қамтамасыз ету үшін педагогтарға (баланың шығармашылық, рухани және дене дамуы, адамгершілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыру) білім беру саласындағы ҚР орталық атқару орындары бекіткен оқыту, тәрбиелеу және сауықтырудың жаңа тәсілдерін енгізу, баламалы авторлық бағдарламаларын қолдануды таңдау құқығын береді.

24.Кәсіпорынның жұмыс тәртібін педагогикалық қызметкерлерге арналған нормативтік оқу жүктемесін негізге ала отырып, бес күндік және сенбі, жексенбі және мереке күндерін – демалыс күндері деп Құрылтайшы бекітеді.

  1. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі келісім-шартта анықталады.

26.Тәрбиеленушілердің құзіреттілігінің даму деңгейін бағалау, білім беру саласы бойынша балалардың жас ерекшелігіне байланысты : 

1)даму құзіреттілігінің деңгейі мониторингі, индикатор жүйесі үш шартты белгісі бойынша жүзеге асырылады;

2) Кәсіпорынды аттестациялау кезінде; 

3) ҚР заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да бақылау түрлері.

Кәсіпорын тәрбиеленушілерінің оқу жүктемесі және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен айқындалады.

27.Кәсіпорын ҚР «Білім туралы» Заңының 59 бабына сәйкес бес жылда бір рет аттестациядан өтеді.

Аттестация өткізілу кезінде:

1) Кәсіпорынның мемлекеттік, жалпы білім беру стандарттарын орындауы;

2) Кәсіпорын өз қызметінде білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы қаралады.

 

5.Оқыту-тәрбиелеу процесіне қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері

28.Оқыту-тәрбиелеу процессінің негізгі қатысушылары болып, балалар, ата-аналар, оларды ауыстырушылар, тәрбиешілер және басқа педагогтар табылады.

29.Бала құқығына «Бала құқығы туралы» БҰҰ конвенциясы, ҚР заңнамасы, ата-ана мен Кәсіпорын арасында жасалған келісім-шарт және ҚР басқада заңға қосымша актілер кепілдеме береді.

30.Әрбір балаға берілетін кепілдік:

1) өмір мен денсаулығын сақтау;

2) дене, моральдық және психикалық жәбірлеудің барлық түрлерінен қорғау;

3) беделін қорғау;

4) оның шығармашылық қабілеттілігі мен қызығушылығын тәрбие беру мен оқытудың мемлекеттік стандарттарына сәйкес дамыту;

5) икемділігі, қабілеттілігі, ынтасы мен денсаулығына сәйкес қосымша оқыту қызметтерін алу;

6) сапалы мектеп алдындағы дайындық.

31.Ата-аналар (заңды өкілдері) құқықты:

1)мектепке дейінгі Кәсіпорынды баланың денсаулығына, ынтасына, жеке қабілеттіліктеріне, ерекшелігіне қарай таңдауға;

2)балаларды тәрбиелеу және оқыту проблемасы бойынша консультациялық көмек алуға;

3)мектепке дейінгі Кәсіпорын Жарғысымен айқындалған шамада балаларды бақылап қарау, күту, тәрбиелеу және дамытуды талап етуге;

Мектепке дейінгі Кәсіпорын мен ата-ана (заңды өкіл) арасында жасалған келісім-шартта қаралған:

4)педагогикалық кеңестің, ата-аналар комитетінің жұмысына қатысу;

5)балаларды күтудің жағдайларын жақсарту үшін Кәсіпорынның тұрмысына араласу;

6)кәсіпорын мен ата-ана (заңды өкіл) арасында жасалған келісім-шарттың сөзсіз орындалуын талап ету;

7)ата-аналар шартын мерзімінен бұрын бұзу;

8)Кәсіпорын жарғысымен және тәрбиелеу-білім беру процесін реттеуді басқа да құжаттармен теңдеу;

9)Кәсіпорыннан баланы шығару туралы шешімге жазбаша хабарлама алған сәттен бастап шағымдану.

32.Ата-аналар (заңды өкілдері) жауапты болуға міндетті:

1)балалардың Кәсіпорынға қатысуын қамтамасыз етуге;

2)Кәсіпорын жарғысын орындауға;

3)өткізілетін ата-аналар жиналыстарына қатысуға;

4)ата-аналар мен Кәсіпорын арасында жасалған келісім шарттарының орындалуына;

5)баланың тамақтануына арналған қаржыларды дер кезінде төлеуге;

6)баланың науқастығы немесе оның болмауы жөніндегі Кәсіпорынға дер кезінде хабарлау;

7)баланы тәрбиелеу, оқыту және дамытуға ықпал ету.

33.Балалармен педагогикалық жұмысты жоғары, орта кәсіби және педагогикалық білімі бар мамандар жүзеге асырады.

34.Педагогикалық қызметке сот үкімімен немесе медициналық көрсеткіштерге сәйкес, осы қызмет құқығынан айырылғандар, сондай-ақ белгілі бір қылмысы үшін сотталғандығы бар адамдар жіберілмейді.

35.Кәсіпорын тәрбиешісі және басқа педагогтар Кәсіпорынның оқу-тәрбие процесі кезінде тәрбиеленушілер өмірі мен денсаулығын қорғауға дербес жауап береді. Кәсіпорынның тәрбиешісі және басқа педагогтар міндетті:

1)балалар өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге, олардың бойына салауатты өмір салтын сіңіруге;

2)тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың қаралған мемлекетке жалпы білім беру стандарттарына сәйкес деңгейден  төмен емес дамуын қамтамасыз ету;

3)педагогикалық әдеп нормаларын сақтау;

4)тәрбиеленушілер намысын құрметтеу;

5)медициналық бақылаудан дер кезінде өту;

6)тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылықтарын анықтап, дамыту;

7)салауатты өмір салтын жүргізу.

Кәсіпорын тәрбиешілерінің және басқа педагогтардың құқығы бар:

1)тиісті кәсіби білімі болса, педагогикалық қызметпен шұғылдануға;

2)мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқутудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын сақтау жағдайлары кезінде ұйымдастыру мен қызмет тәсілдерін, түрлерін еркін таңдауға;

3)педагогикалық кеңес жұмысына қатысу;

4)санат алу, қызметтік өсу мақсатында бұрын аттестациядан өтуге;

5)өз кәсіби ар-намысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен кепілдендірумен басқа да құқықтарын қорғауға.

 

6.Кәсіпорынды басқару

  1. Құрылтайшы:

1)кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2)кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

3)осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де  заңнамасында жүктелген  өзге де өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

36.1. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1)кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

2)кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

3)кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды.

4)осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де  заңнамасында жүктелген  өзге де өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

36.2. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы:

1) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

2) кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

3) кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

4) кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

5)кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

6)осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де  заңнамасында жүктелген  өзге де өкілеттіктерді  жүзеге асырады. Кәсіпорынның Басшысы оның органы болып табылады. Тиісті саланың уәкілетті органы басшыны тағайындайды, оны аттестациадан өткізеді.

37.Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылырәсімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі айқындалады.

38.Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

39.Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

  1. 40. Басшы:

1)Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2)Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3)шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4)сенімхаттар  береді;

5)банктік шоттар ашады;

6)Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7)Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

8)белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9)өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

10)тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

11)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

7.Кәсіпорынның мүлкі

41.Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

42.Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

43.Кәсіпорынның мүлкі:

1)оған меншік иесі берген мүліктің;

2)өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3)Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

44.Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

45.Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

46.Жедел басқару мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның жедел басқаруына түседі.

47.Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

48.Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

49.Кәсіпорынның мүлкіне жедел басқару құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша тоқтатылады..

51.Жедел басқару құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, осы жарғыда 49-шы тармағында қарастырылған жедел басқару құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.

52.Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:

- жедел басқару құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;

- артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.

53.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті атқарушы орган тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынан бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

54.Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган  жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде  тиісті саланың уәкілетті органымен келісу   бойынша  Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді

  1. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

 

8.Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

56.Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін жергілікті атқарушы орган айқындайды.

  1. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке аударылуы тиіс.
  2. Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін тиісті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
  3. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.
  4. Кәсіпорын өндiретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.

61.Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

9.Кәсіпорынның жарғылық капиталы    

62.Кәсіпорынның жарғылық капиталыменшік иесінінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.

 

10.Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

63.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеппен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

64.Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

 

11.Кәсіпорынның жауапкершілігі

 

  1. Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайда оның міндеттемелері жөніндегі субсидиарлық жауапкершілікті Қазақстан Республикасы немесе жергілікті-аумақтық бірлік өтейді.

 

12.Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

66.Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

  1. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

13.Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

68.Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы  белгілейді.

69.Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.

70.Мекеме басшысының, оның орынбасарларының, бас есепшінің лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн тиісті саланың уәкілетті органы  белгілейді.

 

14.Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

71.Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Құрылтайшының  шешімі бойынша жүргізіледі.

72.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

73.Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 15.Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

74.Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды Құрылтайшы  енгізеді.